Сицилияда орман өртенді

Италияның Сицилия аралында орман өртеніп жатыр.

Оқыста 2 адам қаза болған. 700 турист эвакуацияланды. От аралдың солтүстігіндегі Палермо және Мессина қалалары маңындағы алқапты да жайратып барады. Осы апта басталғалы аймақта сынап бағанасы 30 градустан түспей тұр. Өрт осы ыстықтың салдары дейді.  Тілсіз жаумен 300 өрт сөндіруші күресіп жатыр. Көмекке ұшақтар да жұмылдырылған.