Анкараның орталығында жарылыс болды. LIVE

Түркияның астанасы Анкарада лаңкестік әрекет болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Анкарада жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09 жарымдар шамасында лаңкестік әрекет болды. Елдің Ішкі істер министрінің мәліметінше, оқиға қауіпсіздік бас басқармасының кіреберісінде болған. Ғимаратқа 2 лаңкес жеңіл көлікпен жақын келіп, бірі өзін жарып жіберген. Екіншісін қауіпсіздік сақшылары залалсыздандырып үлгерген. Сондай-ақ 2 полиция қызметкері жараланды. Лаңкестік әрекет Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісіне өте жақын жерде болды. Бүгін жергілікті уақытпен сағат 14:00-де парламенттің І сессиясы басталуы керек болған. Жағдайға байланысты Анкара прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады. Лаңкестердің қайдан келгені және кім екені әлі белгісіз. Алдағы уақытта Ішкі істер министрі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Айта кеткен жөн, лаңкестік әрекет Анкараның орталығы Қызылайда болды. Оқиға орны және оның айналасындағы жол қозғалысы уақытша жабылды. Ел астанасында қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейге көтерілді.