Трампқа қатысты сот басталды

Трампқа қатысты сот басталды

Нью-Йоркте АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы сот басталды.

Экс-президентке кәсіпкерлікпен айналысуда алаяқтыққа барды деген айып тағылып отыр. Нақтырақ айтқанда, ол банктер мен сақтандыру компанияларына жылжымайтын мүліктер бағасын көтермелеп сатқан. Мысалы, құны шамамен 27 миллион доллар тұратын Флоридадағы үйін 2300 пайызға қымбат ұсынған. Трамптың өзі бұл айыптарды жоққа шығарды. Ол "мұның барлығы сайлауалды науқанға кедергі жасау үшін ұйымдастырылған" деп есептейді.