Ауғанстанда жер сілкінісінен 500 адам қаза болды

Ауғанстанда жер сілкінісінен 500 адам қаза болды

Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 500-ге жетті.

Тағы 1 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Табиғат апатынан келген шығынның көлемі әзірге нақты белгісіз. Кеше Ауғанстанның Герат аймағында 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы шаһардан солтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде тіркелді.

Шахпур Мухиб, дәрігер:

- Біздің ауруханамызға жер сілкінісі кезінде жапа шеккендер әлі түсіп жатыр. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Зілзаладан жарақат алғандар артуы мүмкін.