ХАМАС Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасады

Палестинаның ХАМАС қозғалысы Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасады.

Видеокадрлар құрбан болған жандар мен тас-талқаны шыққан қала көшелерін көрсетті. Әзірге нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Еске салайық, сенбі күні ХАМАС Израильге шабуылды бастады. Салдарынан 700-ге жуық адам опат болып, 2 мыңнан астамы жарақаттанған. Қарымта ретінде Израиль Газа секторындағы нысандарға әуе соққысын жасады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кемінде 413 палестиналық қаза тапқан. Ливиялық «Хезболла» және Палестинаның тағы бір қарулы тобы ХАМАС-қа қолдау көрсетіп, шабуылға кірісті. Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяху елді "соғыс жағдайында" деп жариялады. Израильдік БАҚ палестиналық жасақтар елдің оңтүстігіндегі бірнеше қаланы бақылауға алғанын хабарлайды.