Канар аралдарына жақын маңда 425 мигрант құтқарылды

Испанияның Жағалау күзетінің хабарлауынша, олардың басым бөлігі медициналық көмекке мұқтаж.

Алыс жол жүріп келгендердің жартысы Гран Канария аралына орналастырылды. Жыл басынан бастап Канар архипелагына 15 мыңға жуық мигрант келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ке көп.