Канар аралдарында 670-тен астам мигрант құтқарылды

Канар аралдарының жағалау күзеті 670-тен астам мигрантты құтқарды.

Теңіз арқылы Африкадан келген келімсектер Тенерифедегі Лос-Кристианос портына жеткізілді. Соңғы жылдары Жерорта теңізінде бақылаудың күшейтілуіне байланысты Канар аралдарына өтетін келімсектердің қатары артты. Испания ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері архипелагқа 15 мыңға жуық мигрант келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ке көп.