Конгода кеме апатынан 47 адам қаза тапты

Конго өзенінде кеме аударылып, 47 адам көз жұмды.

Бұл туралы осы елдің Көлік министрі айтты. Осыдан 5 күн бұрын солтүстік-шығыстағы Мбандака қаласының маңында кеме суға кеткен еді. Бортта 300-ден астам жолаушы болған. Қалған кісілердің тағдыры белгісіз.  Куәгерлердің айтуынша, апатқа кеме кептелісі себеп болған. Соңғы жылдары Конго өзенінде апат жиі тіркеледі.