Бейжің жазбалары. Тұрды ахун сөйлейді (ФОТО)

Бейжің жазбалары. Тұрды ахун сөйлейді (ФОТО)

Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық.

Шыңжаңда 1,5 миллиондай қазақ, 10 милиондай ұйғыр тұрады.

Ұйғырдың тілі қазаққа ұқсас. Тіпті жақын деуге келеді. Біз тәрізді не қытайша, не ағылшынша білмейтін бейбаққа туысымды тапқандай әсер қалдырды. Шынтуайтында ұйғыр бізге алыс емес еді. Бір деректерде Алты алаштың бірі саналады.

Үрімшіде "Мукам" Шыңжаң көркем театры бар. Бұдан 13 жыл бұрын салыныпты. 17 мың шаршы мертрді алып жатқан үлкен кешен. Осында ұйғырдың ұлттық ансамблі бар. Бұл ұжым тіпті 2005 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени құныдылықтар тізіміне енген.

Осы кешеннің ауласына Тұрды ахунның ескерткіші қойылған. Тұрды ахун осы Шыңжаң өлкесінде 1881 жылы туып, 1956 жылы қайтыс болған ұйғыр музыканты. Ол өмірінің соңына дейін мукам жанрын насихаттап, өмірден озар алдында 12 мукамды жазып қалдырған.

Мукам – ән мен күй және биді үйлестірген жанр. Мұның өзі 4 санатқа бөлінеді: кіріспе, бастау, дастан, машрап.

Кезінде мукамның әр аймақта өзіндік орындау ерекшеліктері болған дейді. Мұндағы әуен де, жыр да ертедегі қазақ фольклорынан хабар береді. Жыры да, әуезі де жанға жақын.

Осында өткен азғана сәт өнердің өлмейтінініне көз жеткізді. Тұрды ахун сөйлеп тұрғандай әсер қалдырды.

Арман Әмен,

«Хабар-24» арнасының редакторы

(Басы мына жерде. Соңы)