Шотландияда дауылға байланысты қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды

Шотландияның шығысында «Бабет» дауылы соқты.

Соның салдарынан бірнеше өңірді су басып, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Қазір осы аймақтарда қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланған. Мектептер уақытша жабылып, 400-ден астам үйдің тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.