Вашингтондағы қазақ тілі үйірмесінде домбыра сабағы өткізіледі

Қазақ тілін ұлттық дәстүр арқылы үйрету.

Вашингтондағы қазақ тілі үйірмесінде балаларға домбыра сабағы да өткізіледі. Өйткені жырақта тұрып жатқан жеткіншектер төл мәдениетін ертеден бойына сіңіруі керек.

Бүгінгі сабақта домбырашы Бексұлтан Сейдулла аспапты екі тілде қатар түсіндіруге тырысып жатыр. Үйінде ата-әжесі бар балақандарға ұлттық аспап таныс, ал кейбір бүлдіршін бірінші рет көріп тұр. Олар аспапты алғаш рет ұстап, шертіп те көрді.

Үйірме былтырдан бері жұмыс істейді. Баласына қазақ тілін үйреткісі келген ата-аналар әр сенбі сайын елшілікке келеді. 

Ал сабақ интерактивті ойын түрінде өтеді. Қаза тілінің заңдылықтары, жазу сызудан бұрын сөйлеу, ана тілінде ойын еркін жеткізуге басымдық беріледі. Әрі әр сабақта салт-дәстүрлер таныстырлады.

Самал Қойжанова, "Qazaq Speaking Club"-тың ерікті мұғалімі:

- Бүгін мысалы домбыра болса, басқа сабақта ою өрнектер. Біздің масақтымыз қазақтың мәдениетін үйрету.

Самалдың cөзінше мұндай тәсіл балаларың ықыласы мен ынта-жігерін арттырады. «Қолмен ұстап сезіну арқылы ұлттық кодты бойына тез сіңіреді», дейді.