Германия астанасында асқабақтар көрмесі басталды

Онда осы өсімдіктің әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 500 түрі қойылған.

Арасында бірнеше сайыстың бас жүлдесін иеленген атақты асқабақ бар. Салмағы 1 тоннаға жуықтайды. Шаруа Оливер Граф оған күнде 100 литр су құйған. Сондай-ақ биылғы көрме аясында "Асқабақтар джунглиі" деген атпен инсталляция да жасалыпты. Оған 100 мың асқабақ қолданылған. Қызықты іс-шара 2 аптаға созылады. Көрме аяқталған соң адамдар өзіне ұнаған асқабағын сатып ала алады.

Блиц:

- Көрмеге әлемдегі ең үлкен асқабақ қойылыпты. Мұндай үлкен асқабақты өмірімде бірінші рет көрдім. Балаларымыз бұл жерді "Асқабақтар елі" деп жатыр.

- Мен асқабақтарды ойып, түрлі өрнек салумен айналысамын. Арнайы құралдарды пайдалана отырып алуан пішінде кескіндер жасаймын. Бұл менің ең сүйікті ісім. Мүсіндерім балаларға қатты ұнап жатыр.