ХАМАС қозғалысына қарсы соғыс ұзаққа созылуы мүмкін

Ал Израильдің премьері Биньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысына қарсы соғыстың ұзаққа созылатынын болжады.

Ол Израиль әскері өңірде соғыстың екінші кезеңін бастағанын айта келе, операция қиын болатынын жеткізді. Ал Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас аймақтағы ахуалды шешу үшін шұғыл түрде Араб елдерінің саммитін шақыруды ұсынды. Мәліметке қарағанда Израиль күштері соңғы 1 күнде Газаны 150 рет бомбалаған. Гуманитарлық ахуал нашарлап кетті.

Биньямин Нетаньяху, Изариль Премьер-министрі:

- Кеше кешкісін Газа секторына біздің тағы көп әскеріміз енді. Бұл соғыстың екінші кезеңі. Операцияның мақсаты -ХАМАС-тың әскери және әкімшілік күштерін жойып тұтқындағы азаматтарымызды құтқару.