Үндістандағы шіркеуде жарылыс болды

Үндістанның Керала штатындағы шіркеулердің бірінде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты.

Тағы 23-і жарақат алды. Оқиға Кочи қаласының шетінде Иегово куәгерлері дінін ұстанушылардың жиыны өтіп жатқан кезде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жиынға 2 мыңнан аса адам келген. Алдын-ала тергеуге қарағанда, қолдан жасалған бомба іске қосылған. Алайда жарылысты кімдер ұйымдастырғаны белгісіз.