Клод Моненің картинасы Парижде аукционға шығарылады

Әлемге әйгілі суретші Клод Моненің картинасы Парижде аукционға шығарылады.

Бәссаудаға 1886 жылы салынған "Гиверни ағашы" қойылмақ. Ұйымдастырушылар бұл туындыны 3 миллион еуродан 100 миллион еуроға дейін бағалап отыр. Ader аукцион үйінің хабарлауынша, картина бұған дейін еш жерде көрсетілмеген. Өйткені 1948 жылдан бері еврей отбасына тиесілі болып, олар картитаны жариялауға қорыққан. Көркем туындыны бағалайтын қалталы азаматтар асыға күтіп отырған аукцион 24 қарашада өтуге тиіс.