Дубайда қазақ мәдени орталығы ашылды

Дубайда Nomad қазақ мәдени орталығы ашылды.

Алғаш рет қолға алынған жоба ана тілінде еркін ойлап, сөйлегісі келетіндерге арналған. Орталыққа келушілер қазақ тілін үйрену курсына қатысып, қазақтың мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша әрбір келушінің жеке тұлғалық қасиеті ескеріліп, когнитивті ойлауға негізделген тиімді тіл үйрену әдісі ұсынылады. Орталыққа мектеп жасындағы балалар да, ересек адамдар да келе алады.

Мұқағали Мұса, Дубай тұрғыны:

- Мен қазақша өте қатты сөйлегім келіп тұр. Мен Қазақстанда қазақша жақсы сөйледім, бірақ, Дубайға келгенде сәл сәл ұмытып қалдым. Бұл жерде оқығым келіп тұр қатты, маған бәрі ұнайды мына жерде.

Динара Шахметова, Nomad мәдени орталығының жетекшісі:

- Қазақ тілін жетік меңгеру, сонымен бірге өзіміздің ұлттық мерекелерімізді, салт дәстүрімізді, өзіміздің тарихымызды ұмытпау. Біздің орталықта қазақ тілі ағылшын тілімен бірге жүреді. Мені бүгін қуантқаны балалардың көп келгені, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қазақша сөйлеп, қазақ тілін үйренуге құлшыныстарын арттырып жатыр.