Әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды

Операцияны Нью-Йорк емханасының хирургтері жасаған.

Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық дейді. 21 сағатқа созылған операцияға 140-тан астам хирург қатысқан. Науқас әлі де біраз бақылауда болады. Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, оның сол жақ бетіне, мұрны, аузы, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен.    

Эдуардо Родригес, хирург:

- Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.