Түркияның дін істері басқармасы ағза донорлығын құптайды

1980 жылы қабылданған қаулыда трансплантациясының ережелері нақты көрсетілген.

Бұл туралы Түркия Дін істері Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ғалым Медет Жошкун мәлім етті. Теологтың айтуынша қаулының басты бағдары діни жазбадағы- «Біреуге өмір сыйлаған адам, көпке өмір сыйлағанмен бірдей, яғни мол сауап алады» деген қағидамен түсіндірді.

Медет Жошкун, Түркия дін істері жоғарғы кеңесінің мүшесі:

- Ағзасы алынатын адамның тірі кезінде рұқсаты болуға тиіс. Ал марқұм болып кетсе жақындарының оң шешім беруі өте маңызды. Діни тұрғыдан ол үшін ақы берілмейді. Сондай-ақ трансплантация арқылы емделетін науқастың да келісімі керек. Егер аталған шарттар орындалса, діни тұрғыдағы пәтуасы осындай.