Олимпиада ойындарына 7 млн-нан астам билет сатылды

Келер жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына биыл мамырдан бастап 7 миллионнан астам билет сатылған.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада ойындарының ресми өкілі Марк Адам мәлімдеді. Сатылымда тағы 3 миллиондай билет бар. Бірақ ол сатылымға кезең-кезеңімен шығады. Мәселен, осы айдың аяғында тек 400 мыңы сатылады. Билет құны 24 еуродан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, дүниежүзілік дода 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Оған қазақстандық спортшыларымыз да қатысады.