БҰҰ: Солтүстік Кореядан қауіп көп

Солтүстік Кореяның алғашқы тыңшы Жер серігі зымыранын ұшыруы азаматтық және әскери-теңіз авиациясына үлкен қауіп төндіреді.

Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өкілі мәлімдеген. Оның сөзінше, ресми Пхеньян барлаушы Жер серігін ұшыратынын Халықаралық теңіз, азаматтық авиация ұйымы мен Телекоммуникация одағына алдын-ала ескертпеген.

Негізі БҰҰ 2006 жылдан бері Солтүстік Кореяға зымыран және ядролық бағдарламалармен айналысуға шектеу қойған болатын. Бірақ ресми Пхеньян санкцияны айналып өтіп, зымыран сынағын жалғастырып келеді. Енді Қауіпсіздік кеңесі бұған қарсы шара қолдануға бекініп отыр.