Индонезияда жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны артты

Индонезияда Марапи жанартауының атқылауынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті.

Кеше құтқарушылар тағы 5 альпинистің өлі денесін тапты. Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Индонезияның Суматра аралындағы отты тау атқылаған еді. Апат кезінде шыңға шығып бара жатқан 75 альпинист қалып қойып, дереу іздестіру-құтқару жұмыстары қолға алынды. Бір күннен кейін 49 адам жерге өздері жетіп, тағы 3-і құтқарылады. Қалғаны із-түзсіз жоғалып кетті.