Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды

Дания парламенті Құранды жағуға тыйым салу туралы заң қабылдады.

Құжат «Діни мәтіндерді бүлдіруге тыйым» деп аталғанымен, барлық қасиетті кітаптарды қорғауға бағытталған. Заң жобасын 94 депутат қолдап, 77-сі қарсы шықты. Заңды бұзған тұлғаға айыппұл салынып, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал жергілікті биліктің бұл бастаманы көтеруіне елде құран жағу оқиғаларының жиілеуі әсер еткен. Себебі, осындай әрекеттерден кейін Данияның мұсылман елдермен қатынасы нашарлап, лаңкестік қаупі төнген.

Айта кетейік, Президнт Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамлеясында сөйлеген сөзінде Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрін вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғауға шақырған болатын.