Көйлегіңіздің түсін телефондағы қосымша арқылы өзгертуге болады

Көшеге көк көйлекпен шығып, жұмысқа ақ көйлекпен кіресіз.

Қай түс керек болса, ақылды қосымша үстіңізге қол тигізбей-ақ өзгерте салады. Қаласаңыз, Гонконг зереттеушілерінің қолынан шыққан озық технология көйлегіңізге ою-өрнек те салып береді. Өздері бұл сән өндірісіндегі соңғы жаңалық дейді . Өзгеріс полимер оптикалық талшықтардың арқасында іске асады.

Джан Тан, сән және жеңіл өнеркәсіп мектебінің профессоры:
- Полимер оптикалық талшықтар жарықты жақсы өткізеді. Бірақ оларды біз жіппен бірге өріп, білдірмей жібереміз. Қолға да жұмсақ болып сезіледі. Осылайша көйлегіңізді ауыстырмай-ақ жүріп келе жатып, бірнеше түске ауыстыра аласыз.