Израиль Газа секторын келісімге шақырды

Израиль Газа секторында ұзақ мерзімге қалуға құлықты емес.

Елдің қорғаныс министрі Йоав Галлант осылай деп мәлімдеді. Ол Израиль билігі анклав аумағын кім басқаратыны туралы нұсқаларды ашық талқылауға әзір екенін хабарлады.

Йоав Галлант, Израиль Қорғаныс министрі:

- Израиль Хамасты жою үшін кез-келген шара қолданады, бірақ біздің Газа секторында үнемі қалуға ниетіміз жоқ. Біз тек өз қауіпсіздігіміз бен анклав шекарадасындағы жерлестеріміз үшін алаңдаймыз.