Венецияға келетін туристер саны шектеледі

Италияда енді Венеция қаласына кіретін саяхатшылар саны шектеледі.

Тиісті шешім осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге сай бір туристік топта адам саны 25-тен аспауы тиіс. Шара қаладағы қоғамдық тәртіпті реттеуге мүмкіндік береді, - дейді жергілікті билік. Бұдан бөлек, саяхатшылардан алым алынатын болды. Оның мөлшері жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрмақ.

Айта кетейік, Венеция билігі 3 жыл бұрын тарихи орындарды қорғау мақсатында шаһарға ірі круиздердің кіруіне шектеу енгізген еді.