Элвис Пресли үлкен сахнаға қайта оралады

Бәрі заманауи технологияның арқасы.

Өйткені концертте әйгілі әншінің өзі емес, голограммасы өнер көрсетеді. Жасанды интеллект көмегімен жасалған проекцияға әртістің мыңдаған фотосы мен видеосы қолданылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Элвистің эволюциясы» деп аталатын турненің тұсаукесері осы жылдың қараша айында Лондонда өтеді. Ауқымды шоуды Лас-Вегас, Токио мен Берлин қалаларында да өткізу жоспарланған. Айта кетейік, әйгілі әнші 1977 жылы қайтыс болған. Ол өнер жолында 600-ден аса ән жазды.