Таяу шығыс. Балаларға аштық қаупі төнді

Газа секторында қарулы қақтығыстан азық-түлік жетіспей, балаларға аштық қаупі төнді.

Бұл туралы БҰҰ хабарлады.

Олардың мәлімдеуінше, аймақта екі жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 90 пайызы аш-құрсақ. Осының кесірінен 130 мың баланың денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

Әскери қимылдардан өңірдің білім беру жүйесі де күйреген. Ал мектептердің көбі босқындардың паналау орнына айналған.

Айта кетейік, Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы бері 23 мыңға жуық палестиналық қаза тапты.