Давос форумында «Х» дертін талқылайды

Дүниежүзілік Давос форумында адамзатқа белгісіз «Х» дертін талқылайды.

Кездесу 17 қаңтарда өтеді. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы да Тедрос Гебрейесус қатысады. Жұмбақ ауру жайлы 2018 жылдан бері айтылып келеді. Мамандар оны «Х» дерті деп атап кеткен. АҚШ Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының басшысы Энтони Фаукидің айтуынша, атаудағы «Х» «тосын», «күтпеген» дегенді білдіреді. Ғалымдар болашақта эпидемияға әкелуі мүмкін белгісіз ауруды осылай атайды. 2018 жылы белгісіз дертті, пандемия тудыруы ықтимал қоздырғыштардың тізіміне енгізген. «Белгісіз ауру COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін»,- дейді мамандар.