АҚШ-та аяздан 47 адам қаза тапты

АҚШ-та күннің суытуы салдарынан соңғы бір аптада 47 адам қаза тапты.

NBC арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары ауа райының қолайсыздығынан қатты зардап шегіп отыр. Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді. Рекордтық төмен - минус 34 градус тіркелді. Бірнеше штатта қалың қар жауып, негізгі жолдар жабылды.

Айта кетерлігі, бүгін Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.