Ким Чен Ын соғыс кемелерін шығаруды тапсырды

Солтүстік Кореяның көсемі Ким Чен Ын Нампо теңіз айлағындағы зауытқа барып, «соғыс кемелерін шығаруды үдету керек» деді.

Суреттерді жергілікті мемлекеттік ақпарат құралы таратқан. Кейінгі кезде Ким Чен Ын әскери нысандарды жиі аралап жүр. Жақында ғана ол зымыран атқылайтын жаңа сүңгуір қайықты сынақтан өткізген болатын.