Флоридада ұшақ тұрғын үй ауласына құлады

Флоридада ұшақ апатқа ұшырап, тұрғын үй ауласына қарай құлаған.

Оқиға салдарынан 3 адам көз жұмды. Құрбандардың бірі әуе кемесі бортында, қалған екеуі оқиға орнында жан тәсілім еткен. Тағы бірнеше үйде от тұтанған. Өрт сөндірушілер дереу жалынды ауыздықтап үлгерді. Мамандардың сөзінше, апатқа техникалық ақау себеп болған. Ұшақтың радиолокациялық сигналы жоғалып, ұшқыш тізгінге ие бола алмай қалған. Қазір тұрғындар үйлерінен қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тергеу жұмыстары басталды.