Вьетнамды қалың тұман басты

Вьетнамда қалың тұман салдарынан әуе қатынасына шектеу қойылып, жүзден астам рейс тоқтатылды.

Мамандардың сөзінше, мұндағы ауаның ластану деңгейі қалыпты көрсеткіштен бірнеше есе асып кеткен. Дәрігерлер тұрғындарға бетперде киюді, сыртта көп жүрмеуді ұсынып отыр. Айта кетейік, Ханой әлем елдерінде ауа сапасы ең нашар шаһар саналады.