Д. Трамп аппеляцияға жүгінеді

Дональд Трамтың басы даудан арылмайтын болды.

Вашингтондағы аппеляциялық сот Трампты қылмыстық қудалаудан арашалап қалатын президенттік иммунитеті жоқ деген, қаулы шығарды. Шешім 3 судьямен бірауыздан қабылданды. Биылғы президенттік сайлауға басты үміткерлердің бірі болып отырған Трамптың, алдағы тағдыры қалай болмақ.

Былтыр Экс-президент өткен сайлау нәтижесін мойындамай, жақтастарын 2021-ші жылы қаңтарда Капитолийді басып алуға айдап салды деп айыпталып, қылмыстық іс сотқа жолданған болатын. Алайда оның адвокаттары Конституция бойынша президенттің билік барысында қандай да бір заңсыз әрекеті үшін қылмыстық қудалаудан босатылатынын алға тартып, апеляциялық сотқа шағым түсірген. Бірақ сот алқасының ол ешқандай жазадан жалтара алмайтыны туралы қаулысы шықты. Сейсенбіде судьялар  экс-президенттің иммунитетін жоққа шығарды. Бірақ мұнымен келіспеген Трамп тарапы қайта аппеляцияға беруге дайын.

Джек Смит, прокурор:

- Солай болатын жағдайда менің кеңсем тез арада істің сотта жан-жақты қаралуын талап етеді. Бұл ретте дәлелдемелер сотта толыққанды тексеріліп, әділ бағалануы үшін азаматтардан құралған бақылау тобының басты назарында болады.  

Прокурор Джек Смиттің кеңсесі істі ертерек аяғына жеткізу үшін барын салуда. Ал биылғы президент сайлауына басты бәскелес болып отырған Трамп сот процесінің ұзаққа созылып, саяси науқаннан кейінге қалдыруға барынша тырысып бағуда. Бастапқыда 4-ші наурызға белгіленген өткен сайлаудың нәтижесін жою әрекетіне байланысты сот отырысы аппеляциялық процесс біткенше кейінге шегерілді.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

- Мен бәріңізге алғыс айтамын. Бұл біздің нені түсінгеніміз және олардың нені мойындағанын саралайтын маңызды сәт. Олар екі маңызды мәселені мойындады және онысы дұрыс. Олардың таңдауы да көп бола қойған жоқ. Бізде барлығы жақсы деген ойдамын. Бірақ Байден бастаған әділет министрлігі саяси науқан алдында үміткердің соңына түсуі дұрыс емес, бұл барып тұрған әділетсіздік.

Айжан Сыдыкова, тілші:

- Дональд Трамп та кез келген АҚШ азаматы секілді қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген қаулымен келіспеген экс-президенттің қорғаушылары, енді Жоғарғы сотқа шағым түсірмек. Қазірдің өзінде оның үстінен төрт қылмыстық іс қозғалып, әлі де бірнеше сот процесі жүріп жатыр.