Гаитиде президент сарайына шабуыл жасалды

Гаити астанасы Порт-о-Пренсте бір топ қарақшы үкімет, полиция учаскесі, президент сарайы секілді мемлекеттік нысандарға қарулы шабуыл жасады.

Бұл туралы CNN хабарлады. Телеарна ақпары бойынша олардың бәрі бір уақытта ұйымдастырылған. Жергілікті билік қазір қаладағы жағдайды бақылауға алуға тырысып жатыр. Осы уақытқа дейін 10-нан аса қарақшы мерт болған. Ал зардап шеккен полицейлер жайлы мәлімет жоқ. Айта өтейін, бұған дейін қарулы топтар Гаитидегі түрмеге басып кіріп, 4 мың адамды босатқан еді. Осыдан кейін елде төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізілді.