Индонезияда лай көшкінінен 21 адам қаза тапты

Индонезияның Суматра аралының батысын тасқын шайып, лай көшіп, 21 адам ажал құшты.

Тағы 6 кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Жергілікті апат салдарымен күрес агенттігінің хабарлауынша, 80 мыңнан астам тұрғын үкімет дайындаған уақытша орындарға тұрақтады. Таулы аймақтағы жолдарды лай басып қалған. Су 20 мың үйді шайып, бірнеше көпір мен мектеп, 113 гектар ауыл шаруашылығы алқабына зақым келді. Жоғалғандарды іздеу операциясына 150 құтқарушы тартылған.