ХАМАС өкілі Израильге айып тақты

ХАМАС өкілі Израильге айып тақты

Хамас қозғалысы Израильді қасиетті Рамазан айы қарсаңында бітімге келе алмады деп айыптады.

Бұлай деп қозғалыс жетекшісі Исмаил Хания мәлімдеді. Айтуынша, Израиль тарапы халықаралық қауымдастықтар ұсынған келіссөздерді де қабылдамаған. Бұған дейін Израиль әскері ХАМАС Газадағы тұтқындарын босатқанымен шабуылды доғармайтынын мәлімдеген еді. Ал Хамас жасағы болса, ортақ мәмілеге келсек, келіссөздерді қайта өзгертуге қарсы емеспіз дейді.

Исмаил Хания, ХАМАС қозғалысының жетекшісі:

"Біз келісімге қол жеткізудің бес қағидасын бекіттік. Ол алдымен Газадағы қақтығысты толық тоқтату, аймақтан барлық әскерді шығару, босқындарды ешқандай шартсыз үйіне қайтару. Бесіншісі, тұтқындармен алмасу бойынша ортақ мәмілеге келу. Израиль тарапы келісім берсе, бірден іске кірісуге дайынбыз".