Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде «Тұсау кесер» рәсімі өтті

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде «Тұсау кесер» рәсімі өтті.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала мерекенің құрметті қонағы болды.

Жанат Эрнст, тілші:

- Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде бүгін ерекше күн. Салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында кішкентай Айшаның тұсауы кесілгелі жатыр. Отандастарымыз жырақта жүрсе де ата дәстүрге берік.

Жас сәби «тәй-тәйлап» жүре бастаған кезде ата-анасы «баламның жүрісі ширасын», өмір жолы ашық болсын деп «Тұсау кесер» тойын жасайды. Бұл халқымыздың ең маңызды әрі әдемі әдет-ғұрыпының бірі. Рәсімді көпшілікке құрметті адамға жасатады. Сол кісінің жолы, жақсы қасиеттері жас балаға дарысын деген тілек-батамен астасады. Осы себепті бір жасар Айшаның ата-анасы қыздарының тұсауын кесуге ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Тери Хакаланы таңдаған.  

Марғұлан Баймұхан, ҚР-ның Бельгия және Люксембургтағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Осы Наурыз айында тағы бір жақсы дәстүрді көрсеттік Еуропалық Одағының әріптестерімізге, серіктерімізге. Бұл мейрам - «Тұсау кесер» мейрамы. Кішкентай сәбідің жолың ашып бердік. Осы «Тұсау кесер» сияқты мерекелерді әрқашанда біз еуропалық әріптестерге көрсетуге дайынбіз. Олар өте қошеметтеп, олар үшін жаңа бір тәжірибе, тек қана дипломатия емес -  қазақтың терен салт дәстүрін көруге өте қуанышты болып жатыр. Келе жатқан Наурыздарыңыз құтты болсын! Тусау кесер де осы бір үлкен мейрамның бір бөлігі, бір жақсы қадамы деп сенеміз.

Тери Хакала, Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі:

- Мені қазақ халқының осындай керемет «Тұсау кесер» рәсіміне арнайы шақырғаны үшін алғысымды білідремін. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сәби тез жүріп кетсін деген ырыммен жасалатын өте әдемі рәсім екенін білдім. Осындай халықтық дәстүрлерді сақтағандарыңыз өте жақсы. Бұл өте маңызды деп ойлаймын.

Дәстүр бойынша салтанатты шарада шашу шашылып, мол дастархан жайылды. Кішкентай Айшаның ата-анасы әр қонаққа тәттілер мен кәдесыйлар тарту етті.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов