Мәскеудегі терактіге қатысты тағы үш адам ұсталды

Өткен жұма күні «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт бойынша Мәскеуде тағы 3 адам тұтқындалды.

Олар енді мамырдың 22-сіне дейін қамауда болады. Мәскеудегі Басман сотының шешімімен күдіктілерге лаңкестік шабуылға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Естеріңізде болса, бұған дейін дәл осы сот 4 күдіктіге террорлық акт жасады деген айып тағып, қамауға алған еді. Ресей заңына сәйкес, олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейін, Крокустағы теракт ісі бойынша жалпы 11 адам ұсталды. Бәрінің ісі сотқа жолданған.