АҚШ-та алып көпір опырылды

АҚШ-та алып көпір опырылды

Американың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі опырылып, бірнеше көлік өзенге құлады.

7 адам суға батқан. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін дәл осы көпірге 300 метрлік жүк кемесі соқтығысқан. Кейін ол өртке оранып, су астына кеткен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге алып нысанның опырылуына нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеу басталды.