Францияда қоғамдық ұйымдар қаржы жинап жатыр

Францияда тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке қаржы жинау науқаны жүріп жатыр.

Бастаманы экобелсенді Эстель Пей-Ян көтерген. Ол бұған дейін Сахара шөлінде түрлі акциялар өткізген. Ал жақында экожүйелерді қалпына келтіру туралы халықаралық жобасымен Қазақстанға келеді. Алтын-емел паркі мен Балқаш жағасында спорттық іс-шара ұйымдастырады. Табиғат жанашыры мейлінше көп адамның назарын климаттың өзгеруіне аударғысы келетінін айтады. Эстель Пей-Янның қазақстандықтарға көмекке қаржы жинау бастамасын өзге де жергілікті қоғамдық ұйымдар қолдап отыр.

Эстель Пейян, «XCSS - CROSS COUNTRY SKIING SAND» қауымдастығының президенті:

- Біздің қауымдастық Қазақстанмен ынтымақтастығымызды нығайтуды көздейді. Сондықтан қиын жағдайда қолдау білдіру дұрыс деп санаймыз. Сол себепті де тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинап жатырмыз. Ал мамырда Қазақстанда спорттық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.