Грекияда орман өртеніп жатыр

Грекияда да күн күрт ысып, ормандар өртеніп жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, кейінгі 24 сағат ішінде 25 жерде өрт шыққан. Өңірдегі сынап бағанасы 30 градусқа жетті. Сондай-ақ Солтүстік Африкадағы Сахара шөлінен соққан шаңды дауылдан Афины қаласын қызғылт тұман басты. Тұрғындар қапырық ауа мен шаң-тозаң көп қолайсыздық тудырып отырғанын айтады. Грекияда жыл сайын күн ыстықта ормандар отқа оранып, елге орасан зор шығын келтіреді. Жергілікті билік биыл да осындай табиғи апат көптеп тіркелуі мүмкін деп, тұрғындарды барынша абай болуға шақырып жатыр.