Ішімдікті ең көп ішетін жасөспірімдер Британияда тұрады

Әлемде ең көп ішімдік ішетін жасөспірімдер Ұлыбританияда.

Мұнда жеткіншектердің жартысынан астам 13 жасында алкогольдің дәмін татып көрген екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Жаман әдет әсіресе ауқатты отбасы балаларының арасында кеңінен тараған. Өйткені олар шарап ішетін ата-анасының қылығын жиі қайталайындарын айтқан. Жалпы, мамандар 44 елдегі жағдайды салыстырған. Ұлыбритаиядан бөлек ішімдік ішетін жеткіншектер Венгрия мен Румынияда да көп болып шықты.