БҰҰ: Газада 13 мың бала қаза тапты

Газа секторында қақтығыс басталғалы 13 мың бала қайтыс болған.

Олардың дені шетінеп кеткен. Басым бөлігі аштықтан көз жұмған. Бұл – әлем бойынша кейінгі 4 жылдағы балалар өліміндегі ең жоғары көрсеткіш. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газада қаза тапқандар саны 6 айда 34 мыңнан асқанын мәлімдеді. Алайда бұл – үйінді астында қалған адамдарды қоспағандағы көрсеткіш.