Кенияда cу бөгеті жарылды

Кенияда cу бөгеті жарылып, 40 адам опат болды.

Осылайша, тасқын құрбандарының саны 120 адамға жетті. Шығыс Африкадағы бұл елде қазір жауын-шашын маусымы жалғасып жатыр. Бірақ бұл жолы нөсер әдеттегіден көп жауып жатыр. Мамандар оған Эль-Ниньо құбылысы себеп, – дейді. Тасқыннан әсіресе ел астанасы Найроби қатты зардап шеккен. Мұнда мыңдаған үйді су басқан. Білім беру мекемелерінде демалыс аяқталып, бүгін балалар сабаққа оралу керек еді. Бірақ қауіпті жағдайға байланысты мектептер тек келесі аптада ғана ашылатын болды.  

Әбубакар Садик, тұрғын:

- Өзен арнасынан тасып, қайық аударылды. Ішінде отырған адамдар қайтыс болды. Билік елдегі жағайды біледі. Бірақ неге соның алдын алмады? Үкіметтен ешқандай көмек жоқ. Біздің ай сайын төлейтін салығымыз қайда кетеді сонда? Неге біреулердің салғырттығынан соншама адам көз жұмды? Халықтың арқасында билікке келген адамдар енді неге бізге көмектесе алмай отыр?"