Климат өзгерісінің салдары

Климаттың өзгеруі тек қоршаған ортаға ғана емес, сондай-ақ ғаламдық экономикаға орасан зор шығын әкеледі.

Әлемдік деңгейдегі табыс көлемі 19 пайызға қысқаруы мүмкін.

"Эль-Нино" құбылысы, яғни ғаламдық жылыну әлемде 16 елді қамтып, 40 миллион адамға зардап әкелуі мүмкін. Арнайы жаңа зерттеу жүргізген Біріккен Ұлттар Ұйымының ғалымдары осылай деп дабыл қақты.

Рина Гелани, БҰҰ климат дағдарысы жөніндегі үйлестірушісі:

- "Эль-Нино" құбылысын ғалымдар 1950 жылдардан бері бақылап келеді. Қазір біз оның ушыққан түрін көріп отырмыз. Алдағы уақытта бұдан да жаман болады деген қаупіміз бар. Мұхит температурасы деңгейінің көтерілуі - климаттың өзгеруіне басты себептің бірі. Жылдың аяғына қарай керісінше суық ағын әкелетін "Эль-Нина" құбылысы туындауы мүмкін. Адамзаттың табиғи жағдайдарға бейімделуден басқа амалы жоқ.

Халықаралық Nature тағы бір маңызды зерттеу нәтижесі жарияланды. Онда ауадағы көміртегі зияны едәуір қысқарғанның өзінде 2050 жылға қарай әлемдік экономикаға 59 трлн доллар шығын келетіні айтылған. Ғалымдар қол қусырып отырғанша ғаламдық жылыну деңгейін тежеген дұрыс дейді. Алдын алу шараларынан ақша аяудың еш қажеті жоқ. Әйтпесе экономикалық залал 6 есе көп болмақ.

Бет Бекдол, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары:

- Климат өзгерісінің зардабын бүкіл әлем қазірден тартып отыр. Егістік түсімі төмендеді. Соған байланысты әлемде азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Бұл дамушы Африка немесе дамыған АҚШ үшін бірдей мәселе.

Мамандар дауыл жиі тұрып, ормандағы өрт әлі тұтануы мүмкін деп ескертеді. Зерттеушілер сақтану керектігін үнемі айтып келеді. Бірақ бұған құлақ асып, алдын алу шараларын жүргізіп жатқан елдер шамалы дейді сарапшылар.

Авторы: Ернат Мелсұлы