Қалың қар. Ресейдің бір өңірінде төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің Свердлов облысына 20 жылда жаумаған қалың қар түсті.

Мұнда бір тәулік ішінде айлық жауын-шашын нормасының жартысы жауған. Салдарынан 24 елді мекенде 74 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбургте бір тәулікте 40 жол көлік оқиғасы тіркелді. Жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Ал білім беру мекемелері қашықтан оқытуға көшті.

Билік қалада төтенше жағдай режимін енгізді.