Әлем елдерінің қарулы күштері. Шартарап

Әскер саны ең көп елдер

Халықаралық statista компаниясы әлемдегі әскер саны ең көп 10 елді анықтады. Көш басында Қытай тұр. Оларда 2 миллион 35 мың сарбаз бар. Үндістандағы жауынгер саны 600 мыңға аз. 1 миллион 328 мың әскері бар АҚШ үшінші орында. Ресей мен Солтүстік Кореяның сарбаз саны - 1 миллион 320 мыңнан. 6-орынға табан тіреген Украинада 900 мың жауынгер бар. Одан кейінгі қатарға Пәкістан мен Иран жайғасқан. Рейтингті түйіндеген Оңтүстік Корея мен Вьетнамда 600 мың сарбаз сапта тұр.

Әлемдегі қарулы күштер

Ендігі кезекте әскери қуаты бойынша әлемдегі ең мықты 10 елді атап шығайық. Озық ондықты АҚШ, Ресей, Қытай бастап тұр. Одан кейінгі орында - Үндістан. Оңтүстік Корея 5-ші орынға іліккен. Оның әскери қарсыласы Солтүстік Корея бұл тізімде жоқ. Англия, Жапония бірінен кейін бірі орналасқан. Бізге жақын Түркия - үздік ондықтан ойып тұрып орын алған. Пәкістан мен Италия да осы тізімде.

Әскер саны ең аз елдер 

Тағы бір қызық мәлімет. Назарыңызға әскер саны ең аз 5 елді ұсынамын. Антигуа және Барбуда, Сейшель, Барбадос - бұлар шағын ғана арал-мемлекеттер. Ал Гамбия мен Люксембург жер аумағы мен халық саны аз елдер. Олардағы сарбаз саны мыңға толмайды.  

Әскері жоқ елдер

Біз көп жағдайда мемлекет болған соң, міндетті түрде оның әскері де болады деп ойлаймыз ғой. Бірақ олай емес. Әлемде әскер ұстамайтын 23 ел бар. Олардың қатарында Ватикан, Исландия, Коста-Рика, Панаманы атауға болады.