Орман өрті: Ресейде 2 адам қаза тапты

Су тасқынынан зардап шеккен Ресейде тағы бір табиғи апат тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.

Иркутск облысында орман өрті өршіп барады. Екі ауданда төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жау саяжайларға жетіп, ондаған үй жанып кетті. 2 адам опат болды. Аймақта қатты жел соғып, жалын тез тарап жатыр.

Хабаровск өлкесінде де төтенше жағдай жарияланды. Мұнда өрт 50 мың гектар жерге таралып үлгерген. Ал Түмен облысында өзен суы қайта-қайта көтеріліп, қауіп әлі сейілмей тұр. Аймақта 6,5 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген.