Израиль әскері Рафахты соққылай бастады

Израиль әскері Рафах бақылау-өткізу бекетінің палестиналық бөлігін өз бақылауына алып, қаланың шығысында лаңкестікке қарсы операцияны бастап кетті.

Шаһар Газа секторы мен Египеттің шекарасында орналасқан. Бұған дейін еврей елінің билігі мұнда құрлықтағы әскери операция бастайтынын жария еткен. Өйткені қаланы палестиналық «ХАМАС» қозғалысының соңғы бекінісі деп санайды. Бұған халықаралық қауымдастық қарсы. Себебі мұнда Газа секторының өзге өңірлерінен қашып келген миллионнан аса босқын бар. Кеше Израиль тарапы оларға қауіпсіз жерге кету туралы үнпарақтар таратты.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы:

- Рафах қаласының шығыс бөлігінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы бұйрық берілді. Оларға өзге босқындар лагері ұсынылған. Ал бұл орындарда онсыз да адам көп. Солардың өзіне де жағдай жасалмаған. Жалпы қазір Рафахты паналап жүрген миллионнан аса босқынның жартысынан астамы – балалар.