Зиянкестер егістікті отап жатыр

Аргентинада шаруалар «шилан» деп аталатын жәндіктерден қатты зардап шегіп жатыр.

Зиянкестер жүгері егілген алқаптарға түсіп, түгін қалдырмай отап кетуде. Енді шаруалар: «Өнімсіз қаламыз ба?», - деп алаңдайды. Сарапшылар бұл жәндіктердің кенеттен қаптап кетуін жаһандық жылынумен байланыстырады. «Биылғы қыс тым жылы болды. Соның кесірінен елдің солтүстігінде зиянкестер саны әдеттегіден 10 есе көбейіп кеткен», - дейді олар. Аргентина жүгері экспорты бойынша әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің бірі саналады.